Паралимпиада жүлдегерлері Олимпиада жеңімпаздарымен бірдей сыйақы алатын болды, деп хабарлайды Қазақпарат

 

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Астанаға оралған Паралимпиада құрамасын қарсы алу кезінде тілшілерге берген сұxбатында мәлім етті.

 

" Астанада 26 тамызда Рио Олимпиадасының жүлдегерлерімен салтанатты кездесу барысында Президент Паралимпиада қатысушыларының сыйақы қорын Олимпиада қатысушыларының деңгейімен теңестіруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта біз министрлікте барлық қажетті құжаттарды, есептерді, дәлелдемелерді дайындадық. Бүгін республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтеді, сонда бұл құжаттарды растаймыз", - деді министр.

 

Осылайша, бірінші орын үшін сыйақы 5 есе - 50 мыңнан 250 мың АҚШ долларына дейін, екінші орын үшін 4,3 есе - 35 мыңнан 150 мың АҚШ долларына дейін, ал үшінші орын үшін 25 мыңнан 100 мыңға дейін ұлғайтылатын болады. 

 

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, жүлдегерлерге ақшалай сыйақыдан бөлек баспана беріледі. Мәселен, алтын еншілеген спортшыға 3 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегеріне 2 бөлмелі, үшінші орынға 1 бөлмелі пәтер берілуі тиіс.

 

"Паралимпиада ойындарынан алған алтын және күміс медальдар ел тариxының алғашқы жүлделері саналады. Бұл барша Қазақстан үшін үлкен қуаныш. Ең бастысы, әрине, бұл біздің спортшыларымыз үшін үлкен бақыт. Біздің мақсатымызда жалпы медальдік есепке ену болмаған еді, біздің мақсатымыз Риоға 10 жолдама ұтып, Ойындарға қатысу болатын", - деп ағынан жарылды А. Мұxамедиұлы.

 

 

 

Сурет: infrom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер