Футзалдан Қазақстан құрамасы Соломон аралдарын ойсырата жеңіп, Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты деп хабарлайды tengrinews.kz, "Қазақстан" телеарнасының тікелей эфирде көрсеткен хабарына сүйене отырып.

 

Матч 10:0 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб (9-шы және 22-ші минуттар), Дуглас (16-шы және 29-шы минуттарда) және Павел Таку (28-ші және 29-минуттар) дубль жасады, ал бір-бір голдан Александр Довгань (4-ші минутта), Лео (18-ші минутта), Илья Мун (29-шы минутта) және Николай Пенгрин (38-ші минутта) соқты. 

 

Фото: sports.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер