Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Колумбияда өтіп жатқан дүниежүзілік біріншіліктің екінші турында біздің ойыншылар Коста Рикадан 3:1 есебімен басым түсті. Бірден шабуылға шыққан Какау шәкірттері алғашқы минутта есеп ашты. Голдың авторы Дуглас. Латын Америкалық команда 15- минутта таразы басын теңестірді. Алайда Коста Рикалық ойыншылардың қуанышы ұзаққа созылмады. Павел Таку қарымта шабуылды нәтижелі түйіндеп, Қазақстанды алға шығарды. Екінші таймда жерлестеріміз есепті еселей түсті. Лео айып добын ұтымды пайдаланып, матчқа нүкте қойды. Қорытынды есеп:3:1. «Е» тобында үш ұпай жинаған Қазақстан соңғы турда Соломон аралдарының құрамасымен кездеседі. Бұл ойын 19 қыркүйекте өтеді.    

 

Сурет: Getty Images

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер