11 қыркүйекте «Жерұйық» саябағында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратымен бірге Отбасы күніне орайластырылған «Отбасы – біздің ортақ әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашағымыз!» мәдени-спорттық шарасын өткізеді - деп хабарлайды Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтында.

Шара барысында «Салауатты өмір салтын ұстанатын үздік отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына көптеген қызықты спорттық жарыстар мен конкурстар дайындады. Оларға бүкіл отбасымен қатысуға болады.

Сонымен қатар, 11 қыркүйекте Триатлон паркте отбасылық дуатлон өтеді. 

 

Сурет: astana.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер