Астанада 2017-ші жылдың жазында каратэ шинкио кушинкайдан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан каратэ федерациясының мамандары мәлімдеді. Алтыншы әлем біріншілігі ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ұйымдастырылады. Қазір еліміздің спортшылары сайысқа дайындықты бастап кетті. Жақында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен 16-шы Азия чемпионатында біздің құраманың қыз-жігіттері 7 алтын, 1 күміс, 6 қола медальға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте топ жарды. Бүгін құрлық біріншілігінде жүлде алған спортшыларымыз марапатталып, алғыс хатқа ие болды. 

 

Азия ЛЕСҚАЛИ КАРАТЭ ШИНКИОКУШИНКАЙДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Жарысқа қатысқан қатушылар өте мықты қарсыластар болды. Және төбелесу маған қиын болды. Соған қарамастан жүлде алуға тырыстым. Сонда үшінші орын алдым. 

 

 

 

Сурет: 7sunews.kz 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер