Хоккейден Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңінде F тобындағы қорытынды матчта Италиядан 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Bnews.kz, Sports.kz сілтеме жасай отырып.

 

Алғашқы екі кезеңде қос команданың бір-бірінің қақпасына бағыттаған шайбалары нысанаға дөп тиді. Бірінші болып Джулио Сканделло шайба соқса, артынша Максим Худяков есепті теңестірді. Көп ұзамай Брэндон Боченски қазақстандық хоккейшілерді алға шығарды, алайда Томмазо Траверса есеп айырмашылығын жойды. Соңғы жиырма минуттықта Роман Старченко қақпаны дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады.

 

Осылайша, Қазақстан топта екінші орынға шығып отыр. Егер Франция Норвегияға жол бермесе, ел құрамасының бұл орынды сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Қалай дегенмен Андрей Назаровтың шәкірттері Олимпиадаға бара алмайды.

 

Қазақстан құрамасының құрамы: Колесник — Семёнов-Даллмэн, Боченски-Старченко-Кучин; Савченко-Трясунов, Худяков-Шин-Рымарев; Липин-Лакиза, Белгібаев-Пушкарёв-Иванов; Ыбырайбеков, Гренц-Михайлис.

 

Сурет: sports.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер