Павлодарда жаңа, көпсалалы спорт кешені ашылды. Онда жергілікті құқық қорғау саласының қызметкерлерімен бірге қала тұрғындары да спортпен шұғылдана алады. Спорттық нысан демеушілердің қаржысына салынған. Футбол алаңы мен ашық теннис кортының ашылу салтанатына қатысқан 30 жеткіншекке спорттық киімдер табыс етілді. Олардың арасында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың және қызмет бабында жүріп қайтыс болған полиция қызметкерлерінің балалары бар.

 

Абай Мәмбетов, "Динамо" спорт кешенінің директоры:

Бұл теннис корты ені 11 метр, ұзындығы 22 метр. Еуропалық стандартқа сай салынған. Сондай –ақ мұнда үлкен тенниспен балалар ғана емес үлкендер  айналыса алады. Өйткені бұндай теннис корты бізде қалада үшеу-ақ».

 

 

 

Сурет: www.biznesinfo.az

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер