Тамыз айының соңын қазақстандық атбегілер тағатсыздана күтеді. Биылғы 18-ші мәрте ұйымдастырылған Президент Кубогына ұйымдастырушылар көптің қалауы бойынша  бағдарламаға тай жарысын қосқан. Бес шақырым қашықтықтан Жамбыл ауданының «Жұлдыз» атты тайы бірінші келді. «Құнан жарыста» бас жүлдеге автокөлік тігілді. 11 шақырымдық жарыста Жамбылдың Қордай ауданынан келген «Ажарторы» атты сәйгүлік алдына жан салмады. Жалпы   ат жарысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен  200-ге тарта тұлпар қатысты.  «Топ бәйгеге» ұзын саны 50-ге жуық ат шапқанымен, көбісі  бабы келмей, орта жолдан шығып қалды. 16 шақырым «Топ бәйгеден» Алматының Қарасай ауданының «Сүлікқарасы» өзгелерден арқан бойы озып келді.

 

Көпшіліктің күткен  25 шақырымдық аламан бәйгеге  тұлпарларына сенген атбегілер ғана қатысады. Биылғы аламанның бас бәйгесін Алматы облысы Қарасай ауданының «Миллионер» атты сәйгүлігі жеңіп алды. 

 

Сурет: yvision.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер