Аргентина астанасында тангодан әлем чемпионаты басталды. Ырғақты әуенге ілесе қозғалып, өз өнерін көпшілік алдында паш ету үшін кәсіпқой бишілер Буэнос-Айресте жиналды. Халықаралық сайысқа 400-ден астам жұп қатысуда. Десе де, бишілердің көбі бұл чемпионаттағы басты мақсат жеңіске жету емес, тангоның отанында би билеп, тәжірибе алмасу екенін айтады.

 

Айта кетейік, танго - 19-шы ғасырдың ортасында Аргентина астанасында пайда болып, кейін күллі әлемге тараған бидің түрі. Ол балл билерінің еуропалық стандартына кіреді және оны әлемнің кәсіпқой бишілерінің барлығы орындайды. Жылына бір рет танго сүйер қауым тангоның отанында жиналып, кім мықтыны анықтайды. 

 

 

 

Сурет: www.argerusa.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер