19 жасар гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматтан әлем чемпионы атанды. Халықаралық жарыс 20 жасқа дейінгі қыз-жігіттер арасында Үндістанның Орисса штатының астанасы Бхубанесварда өтті. Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова қыздар арасында үздік шығып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жарыстың жеңімпазына гроссмейстер атағы беріледі. Ал бұл биікті қазақстандық бойжеткен 16 жасында бағындырып, осынау атаққа ие болған еліміздегі ең жас шахматшы екені белгілі.

 

Сурет: www.goodfon.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер