Қазақстан футбол біріншілігінің 24-ші турында «Астана» «Ордабасымен» жасыл алаңға шықты. Матч басталған бетте елордалықтар алға ұмтылып еді, Азат Нұрғалиевтің қимылын байқаған қонақтардың қорғаушысы шабуылшыны шалып жығып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Нұрғалиев мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0. Бұл - ойынның екінші минутында тіркелген нәтиже. Үзілістен кейін де алаңдағы ахуал өзгермеді. Доп астаналықтардың жетегінде жүрді. Және матчтың 50-ші минутында Патрик Твумаси гол соғып, «Астана» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Станимир Стойлов шәкірттері бұрынғысынша топ бастап келеді.

 

Станимир СТОЙЛОВ, "АСТАНА" КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

 

Шынын айту керек. Ойын тізгіні қолда болды. Бірақәдеттегідей біздің ойыншылар көптеген мүмкіндікті пайдалана алмады. Әйтпесеголдан тау тұрғызатын едік. Допты қақпаға бұра алмау біздің кемшілік. Жұмысістеп жатырмыз. Бір мәнісі болатын шығар.

 

Сурет: www.sports.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер