Астанада кроссфит функционалды көпсайыс ойындары басталды. Былтыр бірінші рет Алматыдағы "Медеу" кешенінде өткен жарыс биыл бас қалада жалғасын тапты. Бұл жолы әр қайсысы 6 ойыншыдан жасақталған 6 команда қатысты. Барлығы елордалық кәсіпорындарда жұмыс істейтін әуесқой спортшылар. Кроссфит ойындары ескек есу, сэндбэгтерді арбамен және жеке тасу сынды үш кезеңді қамтиды. Сөйтіп, ең жоғарғы балk жинаған команда жеңімпаз атанады. Ал жарыстың жүлде қоры 1 миллион теңге.

 

Айдар Махметов, жарысқа қатысушы:

Кроссфит жаңа спорт. Әлемде жақсы таратқан. Қазақстанда жақсы дамып келе жатыр. Осы кроссфитқа кіретін әр түрлі әрекеттер қиын емес көрінеді. Бірақ жақсы темппен жасау үшін дайындалу керек. Менің командам Болашақ қауымдастығының командасы. Болашақ түлектері осы командаға кіреді.

 

 

 

Сурет: vechastana.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер