Риодағы Кариока спорт кешені қазақстандық спорт жанкүйерлерін тағыда қуантты. Бұл жолы отандастарымыз әйелдер күресінен қоржынға қос медаль салды, деп хабардайды 24.kz. Алдымен 63 келіде белдескен Екетерина Ларионова алғашқы белдесуде беларус қызы Мария Мамашукке есе жіберген еді. Алайда ол қарсыласы финалға шыққандықтан, қазақстандық балуан да қолаға таласуға мүмкіндік алды. Алдымен швециялық Хенна Йоханссонды, артынша америкалық Елена Пирожковадан басым түсті. Дегенмен жеңіс оңай келген жоқ. Тек санаулы секундтар қалғанда сындарлы сәтте сыр бермеген Екатерина жеңісті жұлып әкетті.

 

75 келі салмақтағы Гүзел Манюрова финалға дейін жетіп, алтынға қарыс қадам жетпей тоқтады. Әрине, 38 жастағы балуан қыздан мұндай ерлікті ешкім күтпеді. Олимпиададағы балуандар арасында ең егде спортшы атанған Манюрова іріктеу кезеңінде тамаша белдесті. Алдымен венгр Неметтің осал тұсын тапқан қазақстандық балуан сосын камерундық Али Аннабелді жеңді. Жартылай финалдық бәсеке де тартысқа толы болды. Ресейлік Екатерина Букинамен жолыққан да отандасымыз тек соңғы сәтте шеберлігінің арқасында лайықты жеңіске жетті.

 

Олимпиада алтынын канадалық Ерика Елизабет Уэбемен сарапқа салды. Бұл белдесуде үйеңкі жапырақты елдің бұрымдысы мықтылығын дәлелдеп, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша Гүзел Лондон Олимпиадасының қоласына, күміс медальды қосты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер