Қазақстан футбол біріншілігінің жүлделерін сарапқа салатын үздік алтылық шешуші сындарды бастады. Астанада жергілікті команда «Ертіспен» жасыл алаңға шықты. Станимир Стойлов шәкірттері бірден ойын тізгінін қолға алып, бірінші таймның өзінде Давид Лория қорғаған қақпаға екі гол соқты. Жалпы «Ертістің» ойыны бүк түсті. Шабуылда - жалын, қорғаныста - мән болмады. «Астана» екінші таймда да Павлодардан келген командадан айласын асырды. Қортынды есеп 3:0. «Астана» турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Айтпақшы, олар осы айдың 18-інде «БАТЭ» мен Еуропа лигасының жолдамасын сарапқа салады. Бас бапкер сол кездесу жайын көп ойлайтын секілді.

 

Станимир СТОЙЛОВ, «АСТАНА»КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

«Ертісті» ұттық. Осал команда емесі белгілі ғой. Бірақ шәкірттерім жақсы ойнады. Енді «БАТЭмен»кездесеміз. Таңат Нөсербаевтың жарақаты әлі жазылмай тұр. Шомко мен Шитовалаңға шықпайды. Алаңдайтын тұстар жетіп, артылады. Бірақ біздер барымыздысаламыз.

 

 

 

Сурет: www.sports.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер