Хоккейден ҚР Президентінің кубогі үшін жарыс өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь және Литва сынды бес елдің спортшылары бақ сынасқан болатын. Бас жүлдені өзара сарапқа салған «Барыс» пен «Металлург» жеңіске жету жолында барын салды. Қарсыластар мұз айдыны иелерінің қақпасынан саңлау табуға тырысқанымен, екінші кезеңде Кевин Далмен айласын асырып, алғашқылардың бірі болып есеп ашты. Алайда көп ұзамай ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестіріп, кездесудің көрігін қыздыра түсті. Негізгі уақыт аяқталса да, нәтиже өзгермегендіктен, қос тарап булитте өзара мықтыны анықтады. «Барыс» қақпашысы Колесников қанша тырысып баққанымен, «Металлургтің» мерген хоккейшілеріне төтеп беру мүмкін болмады. Нәтижесінде «Барыс» 1:2 есебімен ұтылып, биылғы ел Президентінің Кубогы қонақтарға бұйырды.

 

 

 

Сурет: www.sports.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер