"Барыс" хоккей клубы Владивостоктың "Адмиралын" жеңіп, Қазақстан Президенті Кубогінің ақтық сайысына өтті. Алғашқы кезеңде шабуылшы Роман Старченко есеп ашса, үзілістен кейін Дмитрий Гренц есепті еселеді. Көп ұзамай, Старченко дубль жасады. Бұдан соң "Адмирал" екі голмен жауап берді. Ал, матч соңында барыстықтар қарсыласының қақпасына тағы бір шайба салып, ойынға нүкте қойды. Есеп: 4 : 2. Енді астаналықтар  финалдық сайыста Новокузнецкінің "Металлургымен" кездеседі.

 

Сурет: www.sportobzor.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер