21-тамызда елордада спорт күні аталып өтеді. 21 спорттық шараны қамтитын мерекенің шымылдығы бүгін «Думан» ойын-сауық орталығында көркемдік гимнастикамен ашылады. Спорт кешендеріндегі жарыстарға 4 мыңға жуық адам қатыспақ. Қала саябақтарында кір тасын көтеру, армрестлинг, асық атудан бұқаралық  жарыстар өтеді. Сонымен қатар, келушілер таэквондо, киокушинкай-кан каратэ, бодибилдинг және ауыр атлетикадан шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Шара аясында еңбек ұжымдарының арасында футбол мен шағын футболдан жолдастық кездесулер өткізіледі. 20-тамызда шаңғы-роллерлік трассаның жанында «Балалар спортынан олимпиадалық шыңға дейін» акциясы болады. Оған 200 адам қатысады деп күтілуде. Ал 21-тамызда спорт мейрамы таңғы 9-да «Дәулет» спорт комбинатында да аталып өтіледі. 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер