Елордада әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тіркеуде тұрған адамдарға «Астана байк» сертификаты табысталды. Түрлі топтағы мүгедектер мен олардың отбасы енді тегін карта арқылы велосипедті пайдалана алады.  Ұйымдастырушылар осылайша  дендеген дертіне қарамай, ол жандарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруды көздепті. Шара барысында арнайы сертификатқа 20 адам ие болды.

 

Талғат ТӨЛЕУОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 

Ауыратын баласы бар адамдарға осындай көмек бөліп, қиын кездерде, осындай аурумен күресіп жүрген адамдарға жігер болады да. Сосын Құдайдың мынадай сөзі бар «кім мұқтаж адамдарға көмектессе, сол адамға жәрдем береді» деген. Самұрық қазынаға, осы әлеуметтік көмек көрсететін жерлердің бәріне ризамын.

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер