Төртжылдықтың басты бәсекесінде қазақстандық зілтемірші Фархат Харки қоржынға қола салды, деп хабарлайды 24.kz

 

62 келіге дейінгі ауыр атлеттер сайысында отандасымыз лайықты өнер көрсетті.

 

Алғашқы жаттығуда 135 келіні еңсерген Фархат серпе көтеруде 170 келіні бағындырды. Дегенмен күміске де қол созуға мүмкіндік болды. Алайда 177 келілік зілтемірді екі рет көтеруге талпынған қазақстандық спортшы өз мүмкіндігін жіберіп алды.

 

Жалпы қоссайыс қорытындысы бойынша 318 келіні көкке көтерген колумбиялық Оскар Фигероа Олимпиада чемпионы атанды. Ал күміс индонезиялық Эко Юли Ираванның еншісінде кетті.

 

 

 

Сурет: vesti.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер