Қазақстан олимпиадалық құрамасы Риода спорттың 26 түрінен сайысқа түседі. 104 жүйріктің арасында үміт артқан оғландар жетерлік. Әсіресе, боксшылардың жолына көз тігеміз. Шаршы алаңдағы  шеберлердің сыны алтыншы тамызда басталып, олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні аяқталады. Біздің боксшыларымыздың басты қарсыласы Куба құрамасы болмақ. Бостандық аралының спортшылары да біз сияқты он салмақтың барлығында сынға түседі. Лондон олимпиадасында  екі алтынды еншілеген кубалықтар Риода сол жетістіктен төмен түспеуге  тырысады. Асебаль шәкіртерінің қарқынын байқаған біздің бапкерлердің де бір бармағы бүгілу екені  анық.

 

Мырзағали АЙТЖАНОВ, БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Әрине бізде бұларды басты қарсыластардың бірі деп санаймыз. Оларда бізді солай санайды. Сол сепбепті де екі команда да мықты спортшылар бар.

 

 

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер