Халықаралық олимпиада комитеті 2020-шы жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың жаңа бес түрін қосты. Осылайша, дүбірлі додада атлеттер спорттың 33 түрінен шеберлік байқасатын болады. Комитеттің шешіміне сәйкес, Ойындардың бағдарламасына каратэ, серфинг, бейсбол/софтбол, скейтбординг және жарға өрлеу енді. Бұл спорт түрлері жастардың Олимпиадаға деген қызығушылығын арттырады, деп сенеді комитет өкілдері.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер