Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Шри-Ланкада өткен Азияның жағажай Чемпионатынан олжалы оралды. "Сары құрлықтың" үздіктері 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Негомбо аралында бас қосқан болатын. Біздің спортшылар джиу-джитсудың невазасистем бағыты бойынша бақ сынап, 85 келі салмақта Андрей Гаврилюк күміс медальға, ал 69-да Жанболат Закарин қола медальға қол жеткізді. Қарсыластың бәрін қапыда қалдырған Нұрлан Есполов тек ақтық бәсекеде сүрініп, күмісті місе тұтты. Жекелей есепте екі күміс, үш қола еншілеген отандастарымыз енді ел чемпионаты мен әлемдік бәсекеге дайындалады. Сондай-ақ чемпионат аясында төрешілердің біліктілігін арттыру курсы да өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан төрешілер алқасы төрағасының орынбасары Аслан Оспанов арнайы сертификат алып қайтты.

 

Әшім ҚАЛИ, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Болашақта үміттеміз, қазір әлем федерациясында 121 ел тіркелген. болашақта олимпиада бағдарламасына кіріп қаламыз ба деген үміт бар. мынау бірінші шыққанымыз. енді жобалатамыз. көп дайындалы керек. соның ішінде халықаларалық жарыстарға шығу керек.

 

Нұрлан ЕСПОЛОВ, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

77 келі салмақта екінші орын алдым. Жалпы барлық салмақтағылар жақсы дайындықпен келген. Бұйырса алдағы уақыттарда Азиялық ойындар қыркүйек айында. Одан қалса әлемдік жарыстар болады. Соларға дайындалып, жақсы дайындықпен бару ойда бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер