Үш жүзге жуық астаналық бүлдіршін футболмен тегін айналысатын болды. Бұған Елорда әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясының біріккен жобасының арқасында қол жетіп отыр. Астана қаласының әкімдігі әзірге 13 алаңды тегін берген. Болашақта Қосшы, Жібек-жолы секілді аудандарда да секциялар ашылып, бір жарым мыңға жуық бала футболмен тегін айналысады. Бастаманың мақсаты дарынды балаларды табу. Үміт артқан жеткіншектер кәсіби футбол орталықтарына ауыстырылады. Аяқ доптың әліппесін кезінде Премьер-Лига мен Бірінші Лигада ойнаған ойыншылар үйретеді. Федерация басшылығы 2017 жылдан бастап осы жобаны еліміздің барлық облыстарында жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ, ҚФФ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұылы Назарбаев 2020 жылға дейін дене шынықтыру мен спортпен айналысатындардың санын 30 пайызға жеткізу керек деген нақты тапсырма берді. Осы президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында осы біз қала әкімшлігінімен осындай тегін футболмен айналысатын аулаларды ашып отырмыз.

 

Сурет: sharij.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер