"Эм-Эм-Эй" аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда өтетін 3-Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы федерация өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 6 тамызда басталатын халықаралық додада біздің жігіттер жеті салмақ бойынша күш сынасады. Олардың арасында кәсіпқой мансабында жеңіліс көрмеген алғаш болып Эм-1 Глобал халықаралық промоушэнмен келісімшартқа отырған Шавқат Рахмонов және Сергей Морозов бар.  Бертінде Мәдениет және спорт министрлігі бұл спорт түрінде жоғары жетісіктерге жеткендерге халықаралық дәрежедегі және Қазақстан Республикасының спорт шебері атақтарын тағайындады. Еліміздің "Эм-Эм-Эй" федерациясы соңғы 3 жылда 4 республикалық чемпионатты 2 Қазақстан кубогын 8 көшпенділер шайқасы кәсіпқой турнирін өткізді.

 

Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН ММА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Оңтүстік Кореяда өтетін 3-Азия чемпионатына біздің федерация қарқында дайындалуда. Үлкен біздің құрама қатысайын деп отыр. Осы Азия біріншілігінің аясында біздің федерацияның авторлығымен дайындалған Көшпенділер шайқасы турнирінің кезекті біріншілігі өтетін болады.

 

Сурет: ru.molbuk.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер