Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары кезіндегі антидопингтік шаралар туралы айтып берді, деп жазады Казинформ.

 

Оның айтуынша, Рио-2016-да спортшылардан 4500 зәр допинг-сынамасы және 1000 қан тесті алынады. Ойындарға дайындық кезеңінде 2200 спортшы нүктелік тестілеу бағдарламасына қосылған.

 

Бах Бейжің-2008 және Лондон-2012 допинг-сынамаларын қайта тексеру бағдарламасы ең көлемді болғанын атап өтті, деп жазды sports.ru.

 

Сурет: Казинформ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер