Каратэ, серфинг, жарға өрлеу, скейтбординг және бейсбол.  Халықаралық Олимпиада комитеті осы бес спорт түрінің олимпиада бағдарламасына енуін қолдады. Дегенмен, соңғы шешім тамыздың 3 күні Рио-де-Жанейрода өтетін комитеттің сессиясында қабылданады. Күншығыс еліндегі әлемдік бәсекені ұйымдастыру комитеті дүбірлі додаға бастапқыда  8 спорт түрін енгізуді ұсынған болатын. Алайда, тек бес түрі іріктеліп алынған. 2020 жылғы Токиода өтетін Олимпиадада жаңадан енгізілетін спорт түрлері бойынша 18 медаль сарапқа салынып, 474 спортшысы бақ сынаспақ. Жағымды жаңалықты естіген әлем чемпинаттарының жеңімпазы Азамат Сейтхамит каратэден ешбір елге есе жібермейтіндіктерін айтады. Себебі, Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды қалаларындағы құрамалар шығыс жекпе-жегінің қыр-сырын жетік меңгерген.

 

Азамат СЕЙТХАМИТ, КАРАТЭДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

 

Қазақстан әр жыл сайын Жапонияға әлем чемпионатына барып жүр. Жыл сайын Ресейде өтіп жүр халықаралық жарыстар. Қазақстан жүлдесіз ешбір жерден келмеді. Жапония каратэнің отаны болғанымен, Қазақстан өзінің позициясын бермейді. 

 

Сурет: ru.wikipedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер