Геннадий Головкин атақты Флойд Майвезер мен Мэни Пакьяоның ізін басқандардың көшін бастап тұр. Los Angeles Times  жасаған рейтинг «Бокстың жаңа тұлғасы кім?" деп аталады.  "160 фунт салмақта үстемдік құрып, қатарынан 22 кездесуді уақытынан бұрын нокаутпен аяқтап, 16 мәрте WBA белдігін аброймен қорғай алған Головкин Доминик Уэйд сынды қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады» деп жазады басылым.

 

Сондай-ақ, үздік бестікке Роман "Чоколатито" Гонсалес, Сергей Ковалев, Андре Уорд және Василий Ломаченко енді. Мексикалық  Сауль "Канело" Альварес бұл тізімнің тек 7-ші сатысына тұрақтады. 

 

Сурет: boxingplanet.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер