Сербияда өткен халықаралық турнирден қазақстандық жас боксшылар 10 алтын медаль әкелді. 10 мемлекеттің спортшылары қатысқан сайыста қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды. еліміздің бокс федерациясының хабарлауынша, Евгений Павлов, Оразбек Асылқұлов, Әл-Мұхамед Махмұт, Санатәлі Толтаев, Садриддин Ахмедов, Нұрлан Сабыров және Мұхамеджан Тайбағар алтын жеңіп алған. Қыздар арасында Ақниет Әбдіғожа, Владислава Кухта және Надира Маратова  Сербия төрінде көк байрағымызды желбіретті. Бұл турнир қараша айында Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатына дайындықтың бір кезеңі болды. 

 

Сурет: news.ivest.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер