Қазақстандық садақ атушылар жазғы олимпиадаға аттанды. "Құралайды көзге" ататын қазақстандық шеберлер соңғы дайындықтарын Алматыда пысықтаған болатын. Рио де Жанейро олимпиадасында еліміздің намысын Алматы облысының мергені Сұлтан Дүзелбаев пен Оңтүстік Қазақстандық Луиза Сайдиева қорғайды. 22 жастағы спортшылар былтыр Азия чемпионатында қола жүлдегер атанып, олимпиада лицензиясын ұтып алған еді. Екеуі де олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысады. Садағын сайлаған спортшыларымыз 7-8-ші тамыз күндері сайысқа түседі.

 

Сурет: www.goldench.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер