"Ресей құрамасы жазғы олимпиада ойындарынан шеттетілмейді" деген хабарды жергілікті спортшылар зор қуанышпен қабыл алды. Соңғы әрі нақты шешімді халықаралық федерациялар қабылдауы тиіс. Соған қарамастан, ресейліктердің көбісі жарысқа барамыз деген үміттен қол үзгісі келмейді.

 

Джамболат ТЕДЕЕВ, РЕСЕЙДІҢ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 

"Құрамамыздың Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына баратынына еш күмәнім жоқ. Неге дейсіздер ме? Өйткені біздің балуандар күдіктенетіндей еш нәрсе жасаған жоқ».

 

Андрей ЮДИН, ГИМНАСТ:

 

«Халықаралық олимпиада комитеті әділ шешім қабылдады. Енді бүкіл Ресей бізге үміт артып отыр».

 

Ресей құрамасы жазғы олимпиада ойындарына қатысады

 

Еске салсақ,  Халықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасына Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берген. Енді ресейліктер әрбір спорт түрі бойынша халықаралық федерацияның келісімін алу керек. Дүбірлі додаға жеңіл атлеттер атынан тек Дарья Клишинаға ғана қатысуға рұқсат беріліп отыр. Сонымен қатар бұрын-соңды сынамаларынан допинг табылған спортшылар да жарыстан шеттетіледі.

 

Виталий МУТКО, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СПОРТ МИНИСТРІ:

 

Тәуелсіз комиссияның баяндамасын қолына алған Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдеріне оңайға соқпағаны анық. Ондағылар ұжымдық жауапкершілік пен қатысушылардың құқықтары арасында таңдау жасады. Ақыр-соңында допингтен таза әрбір спортшыға Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Сурет: www.ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер