Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына бару жерлестеріміз үшін едәуір жеңілдеді. Енді Қазақстан азаматтары Бразилияда 30 күнге дейін визасыз бола алады. Мұндай мүмкіндікке бразилиялықтар да ие болып отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Баризилияның Қазақстандағы елшісі Деметрио Буэно Карвальо тиісті келісімге қой қойды. Сондай-ақ, бұл құжат 200 миллион халқы бар Латын Америка мемлекетінен келер жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне туристердің көптеп келуіне септігін тигізеді, дейді қазақстандық дипломат.

 

Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бразилия Латын Америкасында, әлем дейгейінде өте үлкен, беделді мемлекет. Сол үшін бізге бұл келісімге қол қоюдың маңызы зор. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, 10 күннің ішінде Бразилияда Олимпиада ойындары басталады. Сондықтан жақын арада бұл келісімді күшіне енгізіп, біздің азаматтарымыз сол Олимпиадаға визасыз барады деп үміттенеміз.

 

Деметрио БУЭНО КАРВАЛЬО, БАРИЗИЛИЯНЫҢ ҚР ЕЛШІСІ:

 

Келісім Олимпиада ойындары қарсаңында да, келешекте де екі ел үшін өте маңызды. Бұл құжат қос мемлекет арасындағы бизнес-байланысты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Соңғы жылдары Орта Азияға, оның ішінде Қазақстанға сапар шегетін бразилиялықтардың саны артып келе жатқанын байқауға болады. Бүгінде Қазақстан Бразилияға инвестиция құйып жатыр. Біз де қазақ нарығының әлеуетін зерттеп отырмыз.

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер