Рио-де-Жанейрода олимпиада ауылы ашылды. Онда бас-аяғы 31 ғимарат бар. Кешен 10 мың 500 спортшы мен 7 мың адамды қабылдай алады. Мұнда 5 мың адамға арналған асхана, спорт залы, демалыс аймағы, сұлулық салоны мен діни орталықтар бар. Соған қарамастан, Австралия ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері кешенге көңілдері толмайтынын жеткізген. Олар ғимараттардың ішіндегі құбырлардан су ағып тұрғанын, әжетханалардың жұмыс істемей, баспалдақтардың жарықтандыру жүйесімен жабдықталмағанын айтып отыр. Жаңа Зеландия мен Ұлыбритания делегациялары да осыған ұқсас шағым түсірген. Осы ретте олимпиаданың ұйымдастыру комитеті арнайы мамандарды жөнелтті. Ал, қиындықтар шешілгенше, Австралия делегациясы жақын маңайдағы қонақ үйлерге жайғасатын болады.  

 

Китти ЧИЛЛЕР, АВСТРАЛИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:   

 

«Біздің ойымызша, Олимпиада ауылы әлі дайын емес және спортшылар үшін қауіпті. Өйткені мұнда газ жеткізу жүйесі қалпына келтірілмеген. Электр қуатымен қамту мәселесіне қатысты да осыған ұқсас қиындықтар бар. Сондай-ақ, кәріз жүйесі де қирап тұр. Мен бұған дейін жұмыс бабымен 4 олимпиадада жұмыс істегем. Алайда мұндай жағдайды алғаш көруім».

 

Сурет: thenewdaily.com.au

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер