Қазақстандық шахматшылар 16 жасқа дейігі жасөспірімдер арасындағы Бүкіләлемдік Олимпиадада шеберлік байқасуда. Словакия еліне 55 мемлекеттің намысын арқалап келген 270-ке тарта сайыскер шілденің 21 мен  30 аралығында  командалық сында бас жүлдені сарапқа салмақ. Алты құрлықтағы үздік зияткерлердің тартысында ел үмітін ақтауға 5 отандасымыз аттанды. 9 кезеңді қамтитын ғаламдық доданың талабына сай Салтанат Мұратова - ұлттық құрама сапындағы жалғыз нәзік жанды. Ол халықаралық, Азия мен әлемдік жарыстарда шеберлігін шыңдап, ел біріншілігінің 5 дүркін чемпионы атанған. Олимпиадаға аттанбас бұрын жігерлі қыз елге тек жеңіспен оралатынына сенімді екеннін жеткізді.

 

Салтанат МҰРАТОВА, ШАХМАТШЫ:

 

Бұл - ең беделді турнир. Дүниежүзілік Олимпиадаға қатысатынымды естісімен үш ай бойы күнделікті дайындығымды пысықтадым. 16 жасқа дейінгі соңғы жарысым болады. Кейін өзімнен үлкен жастағы ересектер легіне ауысамын. Сондықтан намысты қолдан бермей, құрама қоржынына  қажетті ұпай салуға тырысамын. 

 

Сурет: www.prim-chess.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер