Елордада «Astana Open-2016» халықаралық шахмат турнирі басталды. Осымен 5-ші мәрте жалауын желбіреткен жарыста еліміздің шахматшыларымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия мен Өзбекстанның майталман ойыншылары шеберлік байқасуда. Бас шаһардағы дәстүрлі ала тақтайша үстіндегі дода барлығы  200-ге тарта спортшының басын қосты.  Араларында халықаралық гроссмейстерлер, спорт шеберлері, әлем, Азия біріншіліктерінің жүлдегерлері бар. Байрақты жарыста кімнің мысы басатыннын бір апта бойы жалғасатын  кешенді сындар көрсетеді. Фестиваль аясында сайыскерлер патшалар ойынының оупен, блиц және спорт шеберіне үміткерлерге арналған классикалық жүйедегі турнирлерде бақ пен бап таластырады. Бұдан бөлек, сегіз және он екі  жасқа дейінгі «Жас жұлдыздар» деген айдар тағылған тартыстарының үздіктері анықталмақ. Жеңімпаздардың есімдері шілде айының 27-сі өтетін қорытынды ойындардан соң белгілі болады.

 

Сәтбек АХМЕДИНОВ, ШАХМАТШЫ:

Мен 5 жасымнан шахматпен айналысамын. 2014 жылы Азия чемпионы атандым.  Түрлі халықаралық, республикалық  жарыстарда жүлдеге іліктім. Қазіргі өтіп жатқан турнирде халықаралық есептеу жүйесі бойынша 2 мыңдық рейтинг жинауға барымды саламын. Бұл маған 10 жасқа дейінгі қарсыластарым арасында үздік атануыма және әлемдік додада ел намысын қорғау үшін жол ашады.

 

 

 

Сурет: www.astanachess.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер