«Астана» футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінен іркілмей өтті. Астана-аренада литвалық «Жальгирис» футбол клубын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, келесі сынға аяқ басты. Жеңісті голдардың авторы - Марин Аничич. Қорғаушы бірінші таймның 31 минутында есеп ашқан болатын. Ойынның 57 минутында литвалықтар есепті теңестіреді. Голды бразилиялық легионер Эливельтон салады. Мачтың тоқсаныншы минутында Марин Аничич екінші голды қақпаға бағыттап, «Астана» клубына жеңісті еншіледі. 

 

Станимир СТОИЛОВ, "АСТАНА" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Жанкүйерлерді құттықтаймын. Ойын аяқталғанға дейін бізді демеп, қолдап отырды. «Астана» клубының жеңісі барлық қазақстандықтарға қуаныш алып келді. Футболшыларға да алғыс айтқым келеді. Мачтың соңына дейін тек жеңіске ұмтылып ойнады. Дегенмен, оңай болған жоқ, «Жальгирис» та қарымды ойынымен қарсы шабуыл жасаумен болды. Сондай-ақ, «Қайратқа» сәттілік тілегім келеді. Қазақстандық екі команда жеңіске жетсе екен деймін.

 

Вальдас ДАМБРАУСКАС, "ЖАЛЬГИРИС" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

«Оскарға» лайық ойын болды дер едім. "Астана" тағы да жеңісті суырып алып кетті. Енді жеңісімен құттықтағаннан басқа не дей аламыз. Қазақстандық топқа әрқашан сәттілік тілеймін. Егер, жалпы ойын өрнегіне келсек,  "Астана" клубы ұйымшылдықпен мықты ойнады.

 

 

 

Сурет: vesti.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер