Дзюдошы Максим Раковты жерлестері Рио-де-Жанейро олимпиадасына шығарып салды. Олар спортшы тұратын үйдің алдын үлкен мерекеге айналдырды. Максимнің жеңіске жетуін тілеген жанкүйерлері иығына шапан жапса, қариялар ақ батасын берді. Ел намысын қорғайтын балуан  «жеңіс үшін барымды салып бағамын» деп аттанды. Жалпы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қарағандылық 11 спортшы қатысады.   

 

Максим РАКОВ, ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

 

Осының өзі біздің бірлігімізді, достығымызды көрсетеді. Өте қуанышытымын. Құрмет көрсетіп жатқан көршілеріме мың алғыс. Бойыма күш-қуат бергендей болды. Енді тек үмітті ақтап, алтын алу ғана қалды. Осылай шығарып салып жатқанда, құр қол қайтудың өзі ұят.

 

Сурет: fdk.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер