Рио де Жанейро олимпиадасында қазақ елі ауыр атлеттерден үміт күтеді. Допинг дауынан кейін төрт бірдей олимпиада чемпионы қатардан шығып қалғанымен, жүлдеге таласатын өзге де зілтемірші жігіттер бар. 105 келі салмақта қазіргі әлем чемпионы Александр Зайчиков пен 85 келіде сынға түсетін Денис Уланов мамандар сенім артқан серкелер. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Ержас Болтаевтан тәлім алатын спортшылар Астанада соңғы дайындықтарын пысықтауда. Зайчиков былтыр АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы дүниежүзілік сайыста топ жарып, өз мықтылығын дәлелдеді. Биыл Азия чемпионы атанған Денис Уланов та жүлдеден үмітті жігіттеріміздің бірі. Өскемендік зілтеміршінің қоссайыста көтерген салмағы әлемдік рекордтан артық.

 

Ержас БОЛТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 

Соңғы жарыста көтерген салмағы 396 келі. Әлем рекорды сол салмақта 394 келі, сондықтан Уланов Денис бірінші үштікке таласатындай толық мүмкіндігі бар. Ал енді Зайчиков Александр Хьюстонда өткен әлем чемпионатында нәтиже көрсетті 421 келі, сөйтіп негізгі қарсыластарын бір жеңіп алды. Балалар дайын, 8 жол жүреміз. Уланов Денистің шығатын уақыты 12 күні. 

 

Сурет: budapest2010.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер