Ауыр атлеттер Бразилияға тамызда барса, дзюдошылар Рионы бетке алды. Олимпиадаға жолдама алған татами шебері Максим Раковты қарағандылық көрші-қолаңы үлкен құрметпен кешенді сынға шығарып салды. Осылай олар «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген қазақы дәстүрді жаңғыртты. Көршілердің басын қосып, игі шараға ұйытқы болып жүрген осы үйдің байырғы тұрғыны Бекен Айтанұлы ақсақал. "Көрші-қолаңның сенімі мен сыйластығы спортшыға сөз жоқ, шабыт береді", - дейді қария. Бұл күні далаға ақ дастархан жайылып, Олимп шыңын бағындыруға аттанып бара жатқан батыр ұлдың иығына оқалы шапан жабылды. Көпшілікпен бірге дастархан басына Максимнің әкесі мен анасы да келді. Ұлын ұлықтап жатқан тілеулес ағайынның ілтипатына анасының көңілі босады. Төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеде алтын медаль үшін аянып қалмаймын,  - дейді Максим Раков.

 

Максим РАКОВ, ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

 

Осының өзі біздің бірлігімізді, достығымызды көрсетеді. Бірге болсақ, алынбайтын қамал болмайды. Өте қуанышытымын. Құрмет көрсетіп жатқан көршілеріме мың алғыс. Бойыма күш-қуат бергендей болды. Енді тек үмітті ақтап, алтын алу ғана қалды. Осылай шығарып салып жатқанда, құр қол қайтудың өзі ұят.

 

Сурет: vesti.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер