2017 жылы Астанада триатлоннан Азия кубогы өтеді

2017 жылы Астанада триатлоннан Азия кубогы өтеді

Триатлон түрленді. Қазақстандық құрама жаңа спортшылармен толықты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде федерацияның жаңадан сайланған басшысы Мұратхан Тоқмәди мәлімдеді. Триатлон 2000 жылы Олимпиада бағдарламасына ресми түрде қосылған еді. Ол уақытта Сиднейде Дмитрий Гааг пен Михаил Кузнецов ел намысын қорғады. Бірақ, соңғы екі олипиадада Қазақстан төбе көрсетпеді. Риоға да жол түспейін деп тұр. Олимп шыңын бағындырушыларды шыңдау – федерацияның алға қойған басты мақсаты. Сол себепті, қазіргі уақытта елдің жеті өңірінде триатлонды дамыту көзделіп отыр. Ал, тамыз айында федерацияның мұрындық болуымен осы спорт түрінен Қапшағайда жарыс өтпек. Келер жылы ЭКСПО мен тұспа-тұс триатлоннан Азия кубогы ұйымдастырылады-дейді федерация өкілдері.

 

Мұратхан ТОҚМӘДИ, ҚР ТРИАТЛОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Экспоға өзіміз үлесімізді қосамыз деп отырмыз. Ол Экспоның алдында Астанада «Азия кубогын» өткізбекшіміз. Бұл енді әлем кубогы емес. Өйткені, әлем кубогын өткізу үшін біз өте жоғары деңгейде болуымыз керек. 1737 Триатлон бүкіл әлемде мықты дамып келе жатыр. Әсіресе, қазіргі күні бизнесмендер көп шұғылданып жатыр.

 

Сурет: nogibogi.com