Спорт

Диего Марадона Мессидің ұлттық құрамадан кетпеуін сұрады

28.06.2016 17:16

Әлем футболының үздігі Лионель Мессидің ұлттық құрамадан кету туралы мәлімдемесі тұтас Аргентинаны тік тұрғызды. 29 жасар футболшының шешімін өзгертуге тырысқандар қатарында ел президенті Маурисио Макри мен аты аңызға айналған аяқдоп шебері Диего Марадона да бар. "Месси, кетпеші" деп көшеге шыққан көпшілік Америка кубогында екінші орын алған құраманы Буэнос-Айрес әуежайында құрметпен қарсы алды. 

Көргендер саны: 293
Жаңалықпен бөлісу