Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы Қытайды ұтты

08.06.2016 09:11

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай құрамасын ұтты. Аспан асты елінің Далянь қаласында өткен ойында 1:0 есебі тіркелді, деп жазады Massaget.

 

Қазақстан құрамасы өз тарихында Қытай құрамасымен үшінші рет кездесті. Осыған дейін өткен (бірі – 1997, екіншісі – 2007 жылы) екі жолдастық кездесуде де қытайлық футболшылар жеңіске жеткен. Ал бүгін қазақстандық футболшылар сәтті өнер көрсетіп жеңіске жете білді.

 

Ойында Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 68 минутта Азат Нұрғалиев соқты. «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы қорғаушы Юрий Логвиненконың баспен асырған пасын алаң иелері қақпасына баспен тоғытты. 75 минутта қытайлықтардың таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды. Айып соққысынан асырылған допДавид Лория қорғаған қақпаның бағанынан қайтты. Ал 82 минутта Елдос Ахметовтің алаңнан қуылуынан кейін Қытай құрамасы қысымды арттыра түсті. Дегенмен Қазақстан құрамасы сәтті қорғанып, есептегі басымдықты ұстап қалды.

 

Сурет: Masaget

Ілмектер
Көргендер саны: 431
Жаңалықпен бөлісу