Спорт

Риоға Қазақстаннан 5 дзюдошы барады

07.06.2016 08:43

Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 5 дзюдошы барады. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Дзюдо академиясында өткен ҚР дзюдо федерациясының баспасөз конференциясында айтылды.

 

Конференция барысында Ташкентте өткен Азия біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай марапатталды. Азия чемпиондарына 7000$, күміс жүлдегерлеріне 5000$, қола медаль алғандарға 3000$ берілді. Сонымен қатар, бас бапкерлер мен жеке жаттықтырушылар, кешенді ғылыми топтың қызметкерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Федерация басшылығы спортшыларды Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, алдағы Рио-де-Жанейрода өткізілетін Олимпиада ойындарына жолдама алған дзюдошыларға сәттілік тіледі. Халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік рейтинтегі көрсеткіштеріне байланысты Қазақстаннан 5 спортшыға шақырту жіберген, деп жазады Massaget.

 

Сурет: Massaget

Ілмектер
Көргендер саны: 395
Жаңалықпен бөлісу