Алматының «Медеу» спорт кешеніндегі қайырымдылық марафонына 10 мыңнан астам адам қатысты.

 

Жарыстың басты шарты- сөре сызығынан ақ киіммен шыққан қатысушылар мәреге түрлі-түсті болып келуі тиіс. Шараға қатысуға 2 немесе 3 мың теңгеге билет сатып алу керек болды. Жиналған қаражат қаланы көгалдандыру жобаларына жұмсалады, дейді ұйымдастырушылар.  

 

Дәурен ЖОЛДАСБАЕВ, ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

 

Былтыр біз Алматы, Қарағанды, Астана және Шымкент қалаларында ағаштар отырғызған едік. Ал, биыл саябақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізбекпіз.  

 

Ирина, ШАРАҒЫ ҚАТЫСУШЫ:

 

Мен мұнда қызыммен бірге келдім. Оны спортқа бейімдегім келеді. Осында таңмен келсек те, көңіл-күйіміз тамаша. Тіпті ауа-райы бұзылып, жауын жауып кетсе де, біз бұл жерден кетпейміз. 

 

Сурет: yvision.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->