Қызылорда қаласында жастар арасында веложарыс басталды. Ел біріншілігіне 13 команда, 60-тан астам спортшы қатысып жатыр. Велошабандоздар жеке, топтық және айналма сайыстары бойынша сынға түседі. Дүбірлі додада облыс балабақшалары арасындағы велосайыста жеңімпаз атанған бүлдіршіндер де бақ сынап жүр. КСРО-ның 5 дүркін жеңімпазы, велоспорттан қазақ тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Марат Сатыбалдиев кішкентай ізбасарларына сәттілік тілеп, кіші буын ел байрағын талай жарыстарда көтеретініне сенім білдірді.

 

Марат САТЫБАЛДИЕВ, КСРО ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ:

Бұл жарысқа ерекше көңіл бөліп отырмыз. Велошабандоздардың 5 күндік сайыста қол жеткізген нәтижелеріне қарай ұлттық құрама жасақталады. Жалпы жастардың әсіресе бүлдіршіндердің аяқалысына ризамын.

 

 

Сурет: sk-sport.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер