Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты мәреге жетті

Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты мәреге жетті

Оралда тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионаты мәреге жетті. Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 250 ойыншы қатысты. 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер классика және блиц жарыста шеберлік байқасты. Нәтижесінде классика түрінен 10 жас дәрежесі бойынша қарағандылық пен қызылордалық балғындардың бағы жанса, 12 жаста Жамбыл облысы мен павлодарлық өрендер жеңіске жетті. Ал 14 жастағы спортшылар арасында қызылордалық мен ақтөбелік шеберлер алдына жан салмады.   

 

Дәулет ӘБДІКӘРІМ,  ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

Бұл чемпионаттың мақсаты- алдағы Қытай елінде өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады. Және осы Қазақстан Республикасы құрамасына спортшыларды іріктеу. Көбіне жақсы оқитын балалар ойнайды, мектепте үздік, озат. Көп ата-аналар айтып жатады, осы тоғызқұмалаққа келгелі балаларымыздың математикасы түзелді деп, ол да біз үшін өте қуанышты.

 

 

 

Сурет: ortcom.kz