Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтуде

Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтуде

Оралда тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионаты жалауын көтерді. Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қаласынан 250 ойыншы келген. 10,12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер классика және блиц түрлері бойынша шеберлік байқасады. Жарыс қорытындысы жексенбі күні белгілі болады. «Ұлттық ойын түрі саналатын тоғызқұмалақты жетік меңгерген артық етпейді. Осындай ойындар ойлау жүйесін дамытып, мектепте меңгерген білімді бекітуге мүмкіндік береді»,- дейді жарысқа қатысушылар.   

 

Бауыржан ҚАДЫРХАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ/:

Мен Алматы облысының Кербұлақ ауданына келіп тұрмын. Осы ойын бізге бізге жақсы әсер әкеледі. Мысалы математикалық, логикалық қасиеттерге миға әсер қатты күшті әсер береді. Мұғалімдер мені осы математика есебінен көп мақтайды. Өйткені мен математикалық есептерді бәрін беске орындап, соған тоғызқұмалақтың көмегі бар.

 

 

 

Сурет: kazsport.kaztrk.kz