Қазақстандық балуандар Астанада аяқталған Азия іріктеу турнирінде олимпиаданың тоғыз жолдамасын ұтып алды. Дәл қазір біздің білекті қыз-жігіттерде жалпы 12 лицензия бар. Енді қалған алты жолдаманың тағдыры сәуір айында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласы мен Стамбұлда шешіледі. Грек-рим күресінде 66 келі мен 85 және 98 келі салмақта олимпиадаға баратындар анықталған жоқ. Еркін күресте балуандарымыз тек 65 келіде жолдамаға жете алмады. Әйелдер арасында 53 пен 58 келі салмақтар бос тұр. 

 

 

 

Сурет: vesti.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер