Астанада бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Турнирде топ жарғандар әлем чемпионатына жолдама алады. Қазақстанның 14 аймағынан жиналған 80-нен астам спортшы төрт күн бойы шаршы алаңның шаңын шығармақ. Олардың арасында халықаралық жарыстарда жүлде салып жүрген тәжірибелі шеберлер де бар.

 

Оксана КОРОЛЕВА, БОКСТАН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 

Бұл чемпионат біз үшін өте маңызды. Себебі әлем чемпионатының лицензиясын алу үшін бар күшімізді саламыз. Өз жерімізде өтетін әлем чемпионатына шығу басты мақсат. Барлық қыздарға тек сәттілік тілеймін.  

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер