Қазақстан спортшылары Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына бес жолдама ұтып алды. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшыларының дайындығы мен қатысуы жөнiндегi шұғыл штабтың отырысы барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

 

«Қазір Паралимпиада комитеті белсенді жұмыс атқарып жатыр. Олар жақында Жапонияға барып, сол елдің паралимпиялық қозғалысының тәжірибесімен танысып қайтты. Бүгінгі таңда бізде бес лицензия бар», - деді ол. Биылғы жылы барлығы 10 лицензияға дейін ұтып алу жоспарланып отыр».

 

Естеріңізге сала кетсек, төрт жыл бұрын Лондон қаласында өткен Паралимпиадаға Қазақстаннан 7 спортшы қатысты. Биылғы Паралимпиада ойындары 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарынан кейін қыркүйекте өтеді.

 

Сурет: unifight.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер