Астана атырабында мотокарлар бой түзеді. Аймақта "Sport Racing Club" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қысқы ралли-спринттен Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Биылғы додаға Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар қалаларынан 50-ден аса спортшы қатысуға тілек білдірген. Ақ ұлпа қарды шаңдай боратқан мотокарлар 60 шақырымға созылған жолда 8 күрделі аймақты бағындыруы керек.

 

Дархан ЕЛУБАЕВ, РАЛЛИ-СПРИНТТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ 5 МӘРТЕ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 

Биыл тек жеңістен үміттеміз. Бүгін соңғы арнайы аймақта көшбасшылардан 2 секундқа қалып, екінші орынға тұрақтадық. Енді 2-3 орын үшін таласатын сияқтымыз. Барлық жігіттер жақсы дайындалған.

 

Владимир БОРОДИН, ҚР АВТОМОТО СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Бүгінгі спринтке 22 көлік, 44 спортшы шықты. Трассалардың қашықтығы - 5 және 10 шақырым. Ереже бойынша арнайы жасақталған, кедергілері бар 8 аймақ арқылы олар барлығы 60 шақырым жүріп өтулері тиіс. Биыл 14 жастан басталатын ең жас тізгіншілерге де раллиге қатысу мүмкіндігін бердік.

 

"Самұрық - 2016" ралли-спринтінің екінші кезеңі ақпанның 12-сі мен 14-і аралығында Павлодарда, ал соңғысы наурыз айында Астанада өтеді.

 

Сурет: www.elarna.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер